Қостанайда басына оқ тиген ер адамды анасы үй маңынан тауып алған.
Жетісу облысының полицейлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады
ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын таныстырды.
Ақтөбеде жоғалған 19 жастағы студенттің денесі көпір астынан табылды
Жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды.
Мас ер адам Павлодарда қыздарды алдап, өз үйіне алып кетпек болған
Раушан Мұхтар 2020 жылдың күзінде California Qazaq Community қауымдастығының негізін қалаған. Аталған орталықтың сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасына үңілсеңіз, ассамблеядан кем емес жұмыс атқарып жатқанын аңғарасың. Қазақ тілі, Қазақстан тарихы сабақтарынан бөлек, домбыра тарту, ұлттық би мен халық әндеріне баулу секілді үйірмелерге белсенді қатысып жүрген қарадомалақтардың көптігін көріп бұл орталықтың өзіндік миссиясы бар екенін түсінесің. АҚШ-тың ірі қалаларының бірі саналатын Лос-Анджелес қаласында мәдениетімізді дәріптеп жүрген Раушанға хабарласып, аз-кем сұхбаттасқан едік.
Еуропа өйтіпті, жапон бүйтіпті, біз неге сөйтпейміз деп желпіне бергеннен түк шықпайды, осыны түсіну керек. Бірақ оларға қараушы болма, көрсең де көзіңді жұма қал деп отырған жоқпын, көп білген дұрыс. Бірақ білгішсінбеу керек. Білгеніңнің бәрін әкеліп таңа бермеуді үйренген жөн. Қысқасы, бізге ондай «измдерден» пайда жоқ, зияны – жастарды шынайы нәрселерден аулақтатып, жасандылыққа үйірсек қылуы мүмкін.
Бүгінде Ақтөбе облысында «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 5253 ауыл тұрғыны курс оқыған.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Президенттік жастар кадр резерві мемлекеттік басқару жүйесіне бастамашыл және жоғары білімді мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Бүгінге дейін Ақтөбе облысы бойынша мұндай іріктеуден 13 адам өтті. Біз биылғы іріктеудің ерекшеліктері, жас мамандарға қойылатын талаптар, Ақтөбе облысынан резервке алынған жастар мен олардың жетістіктері жайлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Талант Медеттен сұрап білген едік...
Әртүрлі есеп бойынша шамамен 1,5 млн қазақстандық банкроттық деңгейінде тұрса, қарызын уақытылы төлей алмай жүргендердің саны 6 миллионнан асады екен. Бұған қаржылық сауаттылықтың төмендігі тікелей әсер етіп отыр.
Қазір ана тілінен басқа орыс, түрік, ағылшын тілін қатар игерген жастар көп. Тек сол қабілеттерін қазақ руханиятын байытуға жұмсаса, керемет болар еді...
1917 жылғы Ақпан төңкерісі Ресей империясының қол астындағы халықтар арасында ұлт-азаттық қозғалыстардың өрбіп-өршуіне зор қуат бергені белгілі. Қос үкімет дәуірінің аясында Түркістан өлкесі де үлкен дүмпуді бастан кешті. Сол кезеңдегі қазақ, кеңірек алғанда, жалпы түркі баспасөзі тарихында орны айрықша басылымдардың бірі – Түркістан Ұлттық Кеңесі Тұрақты Атқару Комитетінің төрағасы, бар болғаны 27 жастағы Мұстафа Шоқайдың бастамасымен жарық көрген «Бірлік туы» газеті.
Асыл сөздің ұстасы атанған Әкім Үртайұлы – қазақ әдебиетіне өзінің прозалық және драматургиялық туындыларымен ерекше өрнек салған дара тұлғаларымыздың бірі. Оның жүрдек қаламынан «Тасжарған», «Бұлтқа салған ұясын», «Кен», «Жаза», «Шер», «Қорқау жұлдыз», «Махаббат жыры», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай» романдары, «Құйрықты жұлдыз», «Үлкен ауыл», «Асу-асу» повестері туды. Ә.Таразидің шабыт тасқынынан жаралған көркем туындылары эпикалық кеңдігімен, философиялық тереңдігімен, символдық-метафоралық астарымен ерекшеленеді. Ол қоғамда болып жатқан әділетсіздіктер мен келеңсіздіктерге қарсы өз көзқарасын айқын танытып, адам жанының суреткеріне айналды. Қандай жағдайда болмасын адам болып қалудың озық үлгісін көрсетті.
Еліміздегі финтех нарығының дамуына шолу жасап, «қаржы технологияларының тұтынушыларға, бизнеске және қаржы саласына әсері қандай?», «саланы дамыту үшін не істелуі керек?» деген сияқты негізгі сұрақтарға жауап іздеп көрдік.
Сонымен қатар жемістер, жаңғақ пен дәндердің құрамындағы бай дәрумендер мен минералдар теріні қартаюдан сақтайды.
44 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды
Корпорация құру туралы шешім ҚҰБ Директорлар Кеңесінің қаулысымен бекітілген.
Бір жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда көлік саны 15% өскен.
Ащыбұлақ ауылында болған өрттен кейін әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды.
Бұл кезеңде Жамбыл облысының командасы жарыстан шығып қалды.
Бұл туралы блогер Ильяс Сариев Instagram парақшасында хабарлады.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2022 жылы бір қазақстандық орта есеппен алғанда 14,1 кг балық пен теңіз өнімдерін тұтынған.
Ақмола және Павлодар облыстарының біраз аймағындағы құрғақшылық салдарынан өнім көлемі айтарлықтай азайды.
Белгілі әзілкеш Нұрболхан Шарапов танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен болған дауға нүкте қойды.
Биылғы Жолдаудың бағыты бұрынғы құжаттардан мүлде бөлек.
Ол 2021 жылы Еңбек сіңірген әртісі атағына лайық деп танылды.
Әлеуметтік желіде Оралдағы уақытша ұстау изоляторынан түсірілген видео тарады.
Қазақстанда өндірілген тұздан сынған шынының үгінділері табылғаны туралы ақпарат тарады.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы – WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы.
Үш жасар Заңғар ойын алаңында достарымен ойнап жүріп, күтпеген жерден жоғалып кеткен.
Ұсынылған өзгеріс балалардың пайдалы іспен айналысып, өзін-өзі дамытуына мүмкіндік береді.
Өңірлерде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің тікелей сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелері жөніндегі Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отандық QazTechna компаниясы құрастырған мектеп оқушыларына арналған автобусын сыйлады
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сотталған бухгалтер бостандыққа шықты
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 15 қыркүйекте атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет
Азамат 2008 жылы кісі өлтіргені үшін 9 жылға сотталған.
Ол 12 қыркүйекте үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен.
Динара Зәкиева балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң жобасын таныстырды