15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 15 қыркүйекте атмосфералық фронт әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз
1713

Батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.

Батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, орталықта және оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылордада, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында, Атыраудың солтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.

 

Серіктес жаңалықтары