Ақтөбеде жоғалып кеткен студенттің денесі табылды

Ақтөбеде жоғалған 19 жастағы студенттің денесі көпір астынан табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен студенттің денесі табылды

Ақтөбеде жоғалған студенттің денесі көпірдің астынан табылды, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

19 жастағы жігіт Ақтөбедегі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқыған.

Бұған дейін Ақтөбе қаласында 2004 жылы туған жігітке іздеу жарияланып, еріктілер хабарлама таратқан болатын.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 14 қыркүйек күні сағат 19:30-да Заречный ауылының қасындағы көпірдің астынан, «Юрта» мейрамханасының жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылған.

Қазір Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер сараптама тағайындап, себебін анықтап жатыр.