Шымкентте ерлі-зайыптылар жалған ақша сатқан

Жалған ақша сатқан ерлі-зайыптылар Швецияда ұсталды

Шымкентте ерлі-зайыптылар жалған ақша сатқан
qaz.ulysmedia.kz
1340

Шымкент қаласының екі тұрғыны 4000 еуро сомасында жалған ақша сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz қаржылық мониторинг агенттігiне сілтеме жасап.

2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша купюраларын сатқан.

«Аталған факт бойынша тергеу жүргізілді, оның нәтижелері бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Банк қызметкерлеріне жалған купюралар берген азамат халықаралық іздестіруге жарияланып, наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды», – делінген хабарламада.

Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді.

Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары