Бір адам жылына қанша келі балық жеуі керек?

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2022 жылы бір қазақстандық орта есеппен алғанда 14,1 кг балық пен теңіз өнімдерін тұтынған.

Бір адам жылына қанша келі балық жеуі керек?
ашық дереккөз
2015

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аптасына кемінде үш порция балық тұтынуды ұсынады, бұл ретте, бір порция 100 грамм сүйексіз және қосымша ингредиенттері жоқ балықтың сүбе еті болуға тиіс, деп хабарлады turkystan.kz eurasian-research.org-ке сілтеме жасап.

Физиологиялық қажетті норма бір адамға – 20,7 кг. Бір адам жылына 20,7 келі балық жеуі керек.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, 2022 жылы бір қазақстандық орта есеппен алғанда 14,1 кг балық пен теңіз өнімдерін тұтынған, бұл 2021 жылғымен салыстырғанда 4,7 пайызға аз.

Балық пен теңіз өнімдерін тұтыну бойынша көшбасшы өңірлердің үштігіне Шығыс Қазақстан (20,7 кг), Қостанай (20,3 кг) және Солтүстік Қазақстан (20,3 кг) облыстары кірді. Шымкент балық пен теңіз өнімдерін ең аз тұтынған (әр тұрғынға жылына – 4,8 кг).

Басқа елдермен салыстырсақ, жапондықтар орта есеппен жылына 67 кг балық жейді екен.

Серіктес жаңалықтары