3397
Қазақстандық футболшы Сербия чемпионатында доп тебеді
Келісімшарт мерзімі бір жылдан аспайды.
27 жастағы қазақстандық футболшы Александр Зуев Сербия Суперлигасында өнер көрсететін ИМТ клубымен бір жылға келісімшарт жасасты. Бұл туралы Prosports.kz хабарлайды.
«Иә, ол біздің қатарымызға қосылды. Келісімшарт жасасты. Келіссөздер ұзақ жүргізілді. Александр Еуропада ойнағысы келді. Қазір Сербия чемппионаты УЕФА лигасының үздік ондығына кіреді», – деп хабарлады белградтық клубтың спорт директоры Предраг Говедарица.
Айта кетейік, Александр 2003-2005 жыдары «Тобыл» командасының жастар құрамасында ойнап, кейін Ресейге көшіп кеткен-тін. Онда ол «Спартак», «Крылья Советов», «Ростов», «Рубин», «Крылья Советов» командаларында өнер көрсетті.
2023 жылы Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрама сапына шақырылған болатын.