1152
Павлодарда 38 жастағы әйел екі күннен бері табылмай жатыр
Ол 12 қыркүйекте үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен.
Екі күннен бері Самал Мұсатаевадан ешбір хабар жоқ, деп хабарлады turkystan.kz.
Vita еріктілерінің айтуынша, 38 жастағы Самал 12 қыркүйек күні шамамен сағат 19.00-де Павлодардағы үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен.
Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, бүгінгі күнге дейін оның қайда жүргені белгісіз. Оның бойы – 160 см, көзі мен шашы қоңыр, арқасында және ішінде тыртығы бар. Қою көк түсті жейде, көк джинсы шалбар, капюшоны бар толстовка, ашық түсті кроссовки киген.
Туыстары Самал Мұсатаеваны көрген немесе қайда болуы мүмкін екені жайлы ақпарат болса, 87476155563 , 87773348201 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.