Сарапшы сұраққа ғылымға сүйене отырып жауап іздеген.
Кездесу барысында еліміздің дамуына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелер талқыланды.
Өнер иесінің айтуынша, былтырдан бері бүйрегі мазалап жүрген көрінеді.
Рейстер аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:
Маскүнемдікті емдеу үшін кешенді көзқарас керек. Оған психологиялық қолдау, әлеуметтік ортадағы өзгерістер, ұзақмерзімді емдеу бағдарламалары және қайтадан ішімдікке салынуды болдырмау стратегиялары кіреді. Сонымен қатар маскүнемдікке шалдыққан адамдарға қолдау көрсету үшін отбасы мен жақындарының рөлі де өте маңызды.
Министр қайтыс болған талапкердің Алматыдағы № 185 мектепті тәмамдағанын айтты.
Сол аса қымбат бөгетті салмай-ақ, мұнда су әкелуге болады. Қалай дейсіз ғой? Біздің қалаға кіріп тұрған бұрынғы теңіз аумағы «Арал бухтасы» (қойнауы) деп аталады. Осы жерде Балтық жүйесі бойынша ең төменгі өлшем – 37 метр. Демек, Кіші Арал шетінен мұнда 17 шақырым арна қазылуы керек. Бас жағы жай ғана арна, ал Арал қаласына жақын жері 300-500 метр кеңейтілген жайылма болса болады. Арна тереңдігі 5 метр ғана болуы мүмкін. Сонда теңіз суы өз ағынымен бері келеді.
Табысқа жетелейтін ізденіс жолындағы тынымсыз тірліктің іркілмегені абзал, уақыттан ұтылмағандығымыз алдымен жеке басымызға, қалды ұлттық кино өнеріміздің ұпайын түгендейтін тиімді жол.
Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді.
Айтыс-тартысқа еті үйренген қалам иелері де, күн сайын сенсация оқып үйренген оқырмандар да оған әбден бой үйретіп алғандықтан, дау-дамайсыз жазылған нәрселерге назар аудармайтын болды. Бұл да бір рухани сырқат іспетті нәрсе. Сондықтан «өзгені түгелдеп» болған қазақ баспасөзі енді қазақішілік мәселеге көшіп, бір-бірін жаппай әшкерелеуге көшкен бір кезең болды.
Айдос Садықовтың әйелі Наталья Садық Мейрам Қаратаевтың Қостанай облыстық ІІД қызметкері екенін айтқан.
Қарақалпақ жері мен Хиуа қаласына жасаған ғылыми сапарым барысында шайырдың Қусырық қорымындағы мазарына зиярат етіп, ол туралы мәліметтерді жинақтаған едім. Соның бірқатары осы мақалаға өзек болды.
Сәрсенбі күні Президент «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды. Осылайша, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң мен «Телерадио хабарларын тарату туралы» заң күшін жойып, олардың негізгі ережелері жаңа заңға енді.
Демалыстан қайтып келе жатқанда жүргізуші көлік руліне ие бола алмай, суға құлайды. Көлік жүргізген адам мас болған.
IQanat - білім мен ынталандыру түрінде күшті бастапқы мүмкіндіктер беру арқылы ауыл балаларының өмір сүру деңгейін өзгерткісі келетін 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы.
Бұған дейін күндізгі стационарда ем қабылдап жүрген өнер иесі еш нәтиже болмағанын айтты.
Тарбағай ауданының 56 жастағы тұрғыны отыз жылдан астам уақыт бойы өзінің жеке басын растайтын құжатсыз жүрген.
«Қазгидромет» РМК-сы маусымның 21- күнгі күн райы болжамын жариялады.
Актриса Дариға Бадықова елден кететіні немесе кетпейтіні жаңа жобасына байланысты екенін мәлімдеді.
Көпті көрген продюсер әншіге ақыл айтып, білетін кеңесін бөлісті.
Түркия елінде болған Қазақстанның 3 жастағы азаматы туған анасына қайтарылды.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Өз балаларын өлтірді деп күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындаған.
Бүгінде актер келіншегімен тату-тәтті өмір кешіп жүр.
Өрт ошағына ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару мекемесінің up-MI877 тікұшағынан су төгетін құрылғымен 16 рет су шашылған.
Актриса атақ алғанын сынағандарға жауап берді.
Куәгерлердің сөзінше 6 маусым күні, әдепкі сапқа тұру барысында Д. есімді кіші сержант қатардағы жауынгер Нұржігіт Асанұлының ішінен ұрған.
"Хәрри Поттер және пәлсапа тасы" романы Эдинбургтегі Лион және Тернбулл аукцион үйінде аукционға қойылды.
3 күннен кейін жігіт газ көпіршіктерін байқап, рецептті интернет арқылы тексерген.
Оқиға 19 маусымда сағат 23:30 шамасында Қызылқоға ауданы Мұқыр ауылына жақын жерде болған.
Жоспар бойынша «Бірлік» шағын ауданындағы үйлер 1 қыркүйекке дейін пайдалануға берілуі тиіс.
Криминалистер жүргізген сот-медициналық сараптама нәтижесі жарияланды.
"Мен ол сағатты жөндеуге апармаймын, себебі қымбатқа шығады".
Бұл Паралимпиада ойындарына еліміздің 14-ші лицензиясы.
Құтқарушылар күшімен бір қыздың денесі су қоймасынан табылды
Жиынның негізгі мақсаты – аға буын және өскелең ұрпақтың арасындағы сабақтастықты жандандыру.
Университет бітіре сала мемлекеттік қызметке араласу – тек өзіңнің мансаптық өсуіңе ғана емес, өмірдегі бар қиындыққа төтеп беру, біліміңді шыңдап, білігіңді танытатын мол мүмкіндік.
Өнер иесінің сөзінше, «Алдараспан» театры жуырда сапармен Өзбекстан еліне барады. Сондай-ақ, өзі жиі тойға шығатынын жеткізді.
Шыңғыс Әрінов министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді.
Жұлдызды жұп баласына қарасатын кісіге соңғы үлгідегі Iphone 15 Pro тарту етті.
Жүргізушілерге қаланың кейбір көшелерінде автобус жолағына шығып, жол қозғалысын жалғастыруға уақытша рұқсат етілді.