Мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратынан өрт шықты

Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратынан өрт шықты
ТЖМ
405

Қонаев қаласында Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты өртенді. ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметіне, онда диспенсер аппаратының қысқаша тұйықталуы болған. 

«Бүгін күндіз Қонаев қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өрттің жиһазға ауысуымен диспенсер аппаратының қысқаша тұйықталуы орын алды», - делінген ресми хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 3 шаршы метр алаңда өртті сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. 

Серіктес жаңалықтары