Туған екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты

Өз балаларын өлтірді деп күдікке ілінген әйел кінәсін толық мойындаған.

Туған екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты
сурет ашық дереккөзден алынды
657

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Тurkystan.kz порталы Janabastau.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотталушыға қатысты сот 21 мамырда басталған еді. Бір айға созылған сот ашық өтті. Айыпталушы – 31 жастағы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Ал жәбірленуші оның күйеуі, марқұм балалардың әкесі болды. Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деп күдікке ілінген әйелдің адвокаты соттың алқабилер қатысуымен өтуіне, әрі келіншекке психиатриялық сараптама жасалуына өтініш берген. Сараптама қорытындысы бойынша үш және төрт жастағы балаларын өлтіргенде әйелдің ақыл-есі дұрыс болғаны анықталды. Кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру бабы бойынша қозғалған істе айыпталушыға прокурор 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алқабилердің шешімі бойынша сотталушы 15 жылға сотталды.

Айта кетейік, 7 ақпанда Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылғанын, анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткенін жазған едік. Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жалдамалы пәтерде өлі табылған екі баланың оқиғасына қатысты тың деректер жариялаған болатын. Екі баласын өлтірді деп күдікке ілінген әйел ертесі Шымкентте ұсталды. Кінәсін толық мойындаған ол бұл қылмысқа күйеуіне ренжігеннен барғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары