Сиыр жұтып қойған: Британдық фермер қымбат сағатын 50 жылдан соң тауып алған

"Мен ол сағатты жөндеуге апармаймын, себебі қымбатқа шығады".

Сиыр жұтып қойған: Британдық фермер қымбат сағатын 50 жылдан соң тауып алған
pixabay.com
895

95 жастағы британдық фермер Жеймс Стил 50 жыл бұрын жоғалтып алған сағатын тауып алды, деп хабарлайды turkystan.kz Mirror-ға сілтеме жасап.

1970 жылдары малға ем-дом жасап жүрген ол Rolex сағатын жоғалтып алған. Сол кезде ол бәлкім мұны сиыр жұтып қойған болар деп ойлаған. Ветеринар болса сиыр ол сағатты шөппен бірге жұтып қойған деп болжаған.

Алайда олай болмай шықты. Металл іздеумен айналысатын Лиам Кинг жарты ғасыр өткен соң әлгі сағатты жерден тауып алып, иесіне қайтарған. Бір қызығы, әлгі сағат көгерген, алайда тот баспаған.

«Мен Лиамның адалдығына қатты ризамын. Ол оны өзіне қалдырса да болатын еді, алайда ол сағатты қайтаруды жөн санаған. Мен ол сағатты жөндеуге апармаймын, себебі қымбатқа шығады. Бірақ мұны естелік сый ретінде сақтаймын», – дейді фермер.

Серіктес жаңалықтары