"Хәрри Поттердің" сирек кездесетін алғашқы басылымы қыруар қаражатқа сатылды

"Хәрри Поттер және пәлсапа тасы" романы Эдинбургтегі Лион және Тернбулл аукцион үйінде аукционға қойылды.

"Хәрри Поттердің" сирек кездесетін алғашқы басылымы қыруар қаражатқа сатылды
сурет: Lyon and Turnbull - X
506

"Хәрри Поттер" кітабының сирек кездесетін бірінші басылымы аукционда 45 000 доллардан астам бағаға сатылды. Бұл туралы euronews.com жазды.

"Хәрри Поттер және пәлсапа тасы" романы Эдинбургтегі Лион және Тернбулл аукцион үйінде аукционға қойылды.  

Джоан К.Роулингтің кітабының көшірмесі 1997 жылы басылған алғашқы 500 кітаптың бірі саналады. Баспагерлер алғашында кітаптың танымал болатынына күмән келтіріп, аз данамен шығарған.

Серіктес жаңалықтары