601
«Ата-анасымен демалуға барған»: Қостанай облысында 2 қыз суға батып кетті
Құтқарушылар күшімен бір қыздың денесі су қоймасынан табылды
Қайғылы оқиға 20 маусымда Қостанай облысы Варваринка ауылындағы Аят өзенінде болды.
Бүгін, 20 мамырда, ата-анасымен бірге 2006 және 2008 жылы туған екі қыз Варваринка ауылындағы Аят өзеніне демалуға барған. Бір сәтте екі қыз да жоғалып кетті. Оқиға орнына құтқарушылар шақырылды.
«Құтқарушылар күшімен бір қыздың денесі су қоймасынан табылды», - деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД.
Құтқарушылар жоғалған екінші қызды іздеп жатыр, ол 16 жаста.