Маңғыстаудағы шекарада 5 шетел азаматы қамауға алынды

Маңғыстаудағы шекарада 5 шетел азаматы қамауға алынды
ҰҚК
573

Маңғыстауда мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған 5 шетел азаматы ұсталды. Бұдан бөлек ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жыл басынан бері теңізден 300 шақырым ау шығарып, 2 мыңнан астам бекірені құтқарған.

Бүгінде ҰҚК шекара қызметінде 50-ден астам карабль мен катер бар. Мемлекеттік шекараның күзетінде елдің нағыз патриот азаматтары тұр. Бұған өңір журналистері көз жеткізді. БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры аясында, журналистер ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жағалау күзеті екінші бөлімшесінің шекаралық кемелері мен катерлерін аралады. Теңіз шекарашылары «Семсер» кемесіне экскурсия жасап, мемлекеттік шекараны қорғауда қолданылатын қару-жарақ пен арнайы техниканы таныстырды. Сонымен қатар, Каспий теңізінде шекара бұзушыларды ұстау бойынша оқу-жаттығу эпизоды көрсетілді.

 

Серіктес жаңалықтары