Google нейрожелісінің нұсқауымен салат әзірлеген жігіт өлім аузынан қалды. Бұл туралы ол reddit.com сайтында жариялаған жазбасында айтқан.
Gemini зәйтүн майына сарымсақ қосып, оны 7 күнге қойып қоюды ұсынған. Ал бұл – биотоксин жасау жолы. 3 күннен кейін жігіт газ көпіршіктерін байқап, рецептті интернет арқылы тексерген.
Салатта ботулизм мен өлімге әкелетін аса қауіпті Clostridium botulinum бактериялары пайда болғаны белгілі болды.