Қазақстанның Финляндиядағы елшісі ауысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстанның Финляндиядағы елшісі ауысты
Сыртқы істер министрлігі
802

Азамат Әбдіраимов Финляндия Республикасындағы Қазақстанның елшісі атанды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Сәбитұлы Әбдіраимов Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанна Сәбитқызы Сартбаева Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

1983 жылы 15 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 

2003 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, 2005 жылы халықаралық қатынастар магистрі ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясында білім алған. 

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР СІМ ТМД істері департаментінің үшінші хатшысы болып бастады. Одан әрі осы департаментте екінші хатшы лауазымында жұмыс істеді. 

2007 жылы Италия Республикасындағы ҚР Елшілігіне үшінші хатшы ретінде жіберілді. 

2009-2011 жылдар аралығында ҚР СІМ ТМД департаментінде бірінші хатшы болып жұмыс істеді. 

2010-2011 жылдары – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің талдау бөлімінің сарапшысы, сектор меңгерушісі болды. 

2011-2015 жылдары – Испания Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы ретінде жіберіліп, онда кеңесші лауазымына дейін көтерілді. 

2015-2016 жылдары ҚР СІМ ЭКСПО-2017 Хатшылығы басшысының орынбасары болды. 

2016-2018 жылдары – ҚР СІМ ЭКСПО-2017 хатшылығының басшысы қызметін атқарған. 

2018 жылы Канададағы ҚР Елшілігінің кеңесші-уәкілі қызметін атқарды. 

2019-2023 жылдары Сан-Франциско қаласында (АҚШ) Қазақстан Республикасының Бас консулы болды. 

Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қазаннан бастап ҚР СІМ Мемлекеттік протокол қызметі басшысының орынбасары болған. 

І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Испан, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.

Серіктес жаңалықтары