Зульфия Габидуллина Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алды

Бұл Паралимпиада ойындарына еліміздің 14-ші лицензиясы.

Зульфия Габидуллина Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алды
Зульфия Габидуллинаның жеке мұрағатынан

Пара жүзуден Рио-2016 Паралимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Габидуллина XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада ойындарына жолдама ұтып алды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Зульфия Габидуллина ел тарихында 4-ші мәрте Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын болады.

Бұл Паралимпиада ойындарына еліміздің 14-ші лицензиясы.

Бұған дейін, пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, пара жүзуден үш жолдама, пара таеквондодан Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Нышан Өмірәлі және пара каноэдан Спатай Бибарыс пен Жаныл Балтабаева және пара үстел теннисінен Али Махулбеков алған болатын.

Айта кетсек, XVII жазғы Паралимпиада ойындары тамыздың 28-і мен қыркүйектің 8-і аралығында Парижде өтеді. Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Лицензиялық жарыстар әлі жалғасуда.