Актер Артур Төлепов отбасылық өмірі туралы құпияны ашты

Бүгінде актер келіншегімен тату-тәтті өмір кешіп жүр.

Актер Артур Төлепов отбасылық өмірі туралы құпияны ашты
Сурет: https://365info.kz
325

Танымал актер Артур Төлепов жеке өмірі жайлы Анна Данченкоға берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлады turkystan.kz.

"Тойда жалғыз жүрмін. Неке жүзік тақпайтын болдым. Себебі үйленгелі жүзікті үш рет жоғалттым. Жүзікті шешіп, қайта тағатын әдетім бар. Солай жүргенде үш рет жоғалтып, үш рет таптым. Сосын келіншегім өзі "айналайын, тақпай-ақ қойшы" деді. Әйелім ондайға ренжімейді. Отасқанымызға биыл алты жыл болды. Екі балапанымыз бар. Үлкені бесте, кішісі үшке толады. Екі балам да қызығушылық жағынан Асылханға (Төлеповке) ұқсайды. Төбелесті жақсы көреді. Маған тартпаған. Бірақ кіші ұлымның түрі маған ұқсайды", - деді Төлепов.

Серіктес жаңалықтары