884
Ұйықтамаудан рекорд орнатқан адам Гиннесс кітабына енбейді – неліктен?
Ол 264 сағат 25 минут (11 күн мен түн) ұйықтамаған.
Жақында Norme лақап атымен танымал стример 1964 жылғы рекордты жаңарту үшін 264 сағат 25 минут (11 күн мен түн) ұйықтамаған. Алайда, оның жетістігі Гиннес рекордтар кітабына енгізілмейді. Оның салмақты себебі бар.
Десе де, стример шын мәнінде рекорд жаңартпаған. Ол 1986 жылы Роберт Макдональд 453 сағат 40 минут немесе шамамен 19 күн бойы ұйықтамаған нәтижесінен аса алмады.
Тіпті, асқан күннің өзінде де, оның нәтижесі кітапқа енбейтін еді. Гиннесс рекордтар кітабының ресми мәліметіне сүйенсек, мұндай рекордтар денсаулыққа зиян келтіргендіктен, бұдан былай тіркелмейді.