18 жастағы жігіт туған әпкесін әлеуметтік желіге сурет жариялағаны үшін өлтірді

/
18 жастағы жігіт туған әпкесін әлеуметтік желіге сурет жариялағаны үшін өлтірді
әлеуметтік желіден

Әзербайжан астанасы Бакуде 23 жастағы бойжеткеннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз әлеуметтік желіге жариялаған фотосуреттеріне байланысты туындаған жанжалдан кейін өз інісінің қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қайғылы оқиға 16 қараша күні Бакудің Бинагади ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Қаза тапқан 23 жастағы Гюляра Мехдиева сурет салумен айналысқан. Оны өлтірді деген күдікпен 18 жастағы інісі Айхан Мехдиев ұсталды. Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, оқиға болған күні жігіт сабақтан үйіне оралып, әпкесімен сөзге келген. Оған Гюляраның әлеуметтік желіге жариялаған суреттері мен олардың астына бейтаныс ер адамдардың пікір жазғаны ұнамаған.

Айхан әпкесінен фотосуреттерді өшіруді талап еткен. Алайда қыз оның айтқанын орындаудан бас тартқан. Осыдан кейін екеуінің арасындағы жанжал ушығып кеткен. Алдын ала тергеу деректеріне сәйкес, жігіт әпкесіне пышақпен шабуыл жасап, бірнеше жерінен жарақаттаған.

Қыздың айқайын естіген көршілері жедел жәрдем шақырған. Ауыр жарақат алған Гюляра ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар