Ақтөбеде лифтіде орынсыз әрекет жасаған үш ер адам қамауға алынды

/
Ақтөбеде лифтіде орынсыз әрекет жасаған үш ер адам қамауға алынды
видеодан скриншот

Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің лифтісін бүлдірген үш ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі 10 тәулікке, қалған екеуі бес тәуліктен қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 18 қарашаға қараған түні қаланың 11-шағын ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында лифт ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған жазбаны анықтаған.

Бейнежазбада үш ер адамның лифтке кіргенін көруге болады. Біраз уақыттан кейін олардың бірі лифт есігін қайта-қайта аяқпен теуіп, артынша жұдырықпен ұра бастаған. Соққылардың салдарынан лифт есігінің жақтауы майысып, құрылғы істен шыққан. Осыған байланысты тұрғындар лифт жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр болған.

Оқиғадан кейін тәртіп сақшылары бейнежазбадағы үш азаматтың жеке басын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.  Үшеуіне қатысты қоғамдық орында мас күйде жүру, тұрғындардың тыныштығын бұзу және ұсақ бұзақылық жасау деректері бойынша әкімшілік материалдар рәсімделді.

Істі қараған сот лифт есігін бүлдірген тұрғынды 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Ал оның екі танысы бес тәуліктен қамауға алынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар