14 жастағы оқушы қыз ауыр атлетикадан ересектер арасындағы ел чемпионатында топ жарды

/
14 жастағы оқушы қыз ауыр атлетикадан ересектер арасындағы ел чемпионатында топ жарды
Спортты дамыту дирекциясы

Астаналық 14 жастағы мектеп оқушысы Маргарита Ермакова ауыр атлетикадан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Жас спортшы өзінен жасы үлкен қарсыластарын басып озып, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Маргарита Ермакова 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 212 келі зілтемір көтеріп, қарсыластарынан басым түсті. Атап айтқанда, жас ауыр атлет жұлқа көтеруде 94 келіні, ал серпе көтеруде 118 келіні бағындырды. Осылайша, небәрі 14 жасында ересектер арасындағы Қазақстан чемпионы атанды.

69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медальді Қызылорда облысының өкілі Алтынай Тәңірбергенова жеңіп алды. Ол қоссайыста 198 келі көтерді. Ал Қарағанды облысының спортшысы Дарья Балабаюк 197 келі нәтижемен үшінші орынға тұрақтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары