Зерттеушілер демалыс күндері түске дейін ұйықтаудың пайдасын анықтады

2017-2020 жылдар аралығында өткен зерттеуге 7 719 адам қатысыпты.

Зерттеушілер демалыс күндері түске дейін ұйықтаудың пайдасын анықтады
сурет: sports.kz

Демалыс күндері көбірек ұйықтайтын адамдар күйзеліске көп ұшырамайды. Америкалық Ұлттық денсаулық және тамақтану сараптамасының деректеріне негізделген жаңа зерттеуде осындай тұжырым айтылған. Зерттеу Journal Of Affective Disorders ғылыми журналында жарияланды.

Түске дейін ұйықтайтын адамдарда депрессия белгілерінің пайда болу ықтималдығы айтарлықтай төмен екені байқалған. Соның ішінде, әсіресе ер адамдар, 65 жасқа толмаған адамдар және жұмыс күндері аз ұйықтайтындар осындай нәтиже көрсеткен. 

2017-2020 жылдар аралығында өткен зерттеуге 7 719 адам қатысыпты.

Зерттеу қорытындысы бойынша, демалыс күндері қосымша екі сағат ұйықтау депрессия белгілерін 38%-дан 46%-ға дейін төмендетеді.