Архив – елдің тарихы

Архив – елдің тарихы

Астана қаласы мемлекеттік архивінің 30 жылдық мерейтойына орай кеше Astana archive fest-2025 халықаралық форумы басталды. Жиында «Төрдегі төл тарих» архив құжаттарының көрмесі ұйымдастырылып, «Құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу: жоспарлау, үдеріс және заманауи тәсілдер» методикалық басылымының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ Қырғыз Республикасы Мемлекеттік Орталық архиві және Астана қаласының мемлекеттік архиві өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Астана қаласының мемлекеттік архи­вінде Ақмола өңірінің өткен ғасырдағы сан қилы тарихы мыңдаған құжат сақтал­ған. Сонымен қатар елордамызбен бірге өсіп-өркендеп, сан салалы құжаттарды жи­нап сақтаумен айналысып келеді.
Астана қаласы мемлекеттік архивінің негізі 1995 жылы қаланғанымен, оның та­­­рихы XX ғасырдың басынан бастау алады. Тарихымыз үшін маңызы зор құжаттар сақталған бұл мекеме де Астана қаласымен бірге өсіп, өркендеп келеді. 
Astana archive fest-2025 халықаралық форумының басты мақсаты – архив сала­сындағы заманауи тәжірибе алмасу, ха­лықаралық ынтымақтастықты нығайту, цифрландыру үрдісіндегі жетістіктерді ор­таға салу. Сондай-ақ жиында архив са­ла­сында қордаланған мәселелер, цифрлық трансформация, тарихи мұраларды сақтау және оларды болашақ ұрпаққа жеткізу жол­дары кеңінен талқыланды. 
Іс-шараға Қазақстанның түпкір-түп­кірінен келген архив мамандары, тарих­шы­лар, мемлекеттік органдар өкілдерімен қатар, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Рес­пуб­ли­касы, Әзербайжан, Татарстан елдерінің архив ісі саласындағы мамандар қатысты. Форум барысында архив ісінің өзекті мә­селелері, тарихи құжаттардың сақталуы мен қолжетімділігі, цифрлық архивтерді дамыту және жас архившілерді даярлау та­қырыптарында баяндамалар мен пікір­та­ластар өтті. 
– Мұрағат – адамзаттың өткен та­ри­хы, халықтың қоғамдық өмірі, даму ке­зеңдері, саяси қатынастары, ғылым, мә­дениет пен өнердің өркендеуі туралы деректерді жинап, сақтап, оны келер ұр­паққа жеткізетін бірегей әрі мәртебелі міндетті атқарады. Кинофото­фоно­құжат­тар олардың өміршеңдігін ұзарту мақса­тын­да консервациялық-профилак­тика­лық өңдеуден өтеді. Әрбір құжат мұрағатқа қабылданбас бұрын техникалық және физика-химиялық жай-күйіне бақылау жасалады. Кинофотофоноқұжаттардың жағдайына бақылау сақтау барысында, сондай-ақ әрбір пайдалану алдындағы және кейінгі кезеңде жүргізіледі. 
Мұрағат – кинофотофоноқұжаттармен жұ­мыс жөніндегі ғылыми-әдістемелік ор­талық. Әлемдік тәжірибені зерделей оты­рып, ғылыми бөлім кинофотофоно­ құ­жаттармен жұмыс істеудің заманауи озық әдістерін әзірлеп, оларды іс жүзінде енгізіп келеді.
Прогресс қарқынына сай жаңа мін­дет­тер пайда болды. Оларды тиісті дең­гей­де орындау үшін адам өзін-өзі дамытып, көп еңбектеніп, дүниетанымын кеңейтуі қа­жет. Біз архившілердің мәдени мұраны сақтау мәселелерін әріптестерімен тал­қы­лай отырып, ортақ проблемаларды шешіп, тәжірибе алмасу арқылы саланың дамуына зор үлес қосатынына сенім білдіреміз, – деді Өзбекстан кинофотофоноқұжаттар Ор­талық мемлекеттік мұрағаты қорлары­ның бас сақтаушысы. 
Дөңгелек үстелге жиналғандар рес­тав­рация және консервация зертханалар тә­жірибесі, архив құжаттарын цифрлан­дыру, құжаттарды ғылыми-техникалық өңдеу тақырыптарында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар Астана қаласы архивіне экскурсия жасап, елорданың көрнекті жер­лерін аралады. Сонымен қатар архив өкіл­дері «Үздік архив» және «Үздік архив­ші» номинациялары бойынша марапат­талды.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары