134
Бір орыннан қозғалмай жұмыс істеу ұйқысыздық қаупін 37%-ға арттырады
Отырықшы жұмыс ұйқысыздық қаупін 37%-ға арттырады.
Қозғалыстың аздығы ұйықтауға кедергі келтіріп, түнде жиі оянуға себеп болады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, бір орында отырып істелетін жұмыс ұйқысыздық қаупін 37%-ға арттырады. Ең өкініштісі – оның салдары 10 жыл бойы сақталуы мүмкін.
Сонымен қатар, икемді жұмыс кестесі де ұйқы режимін бұзу қаупін 66%-ға дейін арттырады. Себебі жұмысшылар түнгі ұйқының жетіспеушілігін түскі уақытта ұйықтап өтеуге тырысады. Бұл режимнің бұзылуына әкеліп, жалпы денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін дейді сарапшылар.