Британдық әйел ұйықтап жатып қыруар несие алған

Ол шамамен 3 800 АҚШ долларынан астам ақшаға несиеге сауда жасаған.

Британдық әйел ұйықтап жатып қыруар несие алған
сурет: Келли Найпс / James Linsell-Clark/SWNS

Британдық әйел ұйықтап жатып несиеге онлайн тауар сатып алған. Ол шамамен 3 800 АҚШ долларынан астам ақшаға несиеге сауда жасаған. Бұл туралы nypost.com жазды.

42 жастағы Келли Найпс сирек кездесетін ұйқының бұзылуына байланысты дертке шалдыққан. 2018 жылы әйелге "паразомния" деген диагноз қойылыпты.

Содан бері ол ұйықтап жатып тоңазытқыш, бояулар, баланың ойыншықтары, баскетбол алаңы және жүздеген Haribo кәмпиттерін сатып алған. Дегенмен, ол бұл туралы тек ұйқыдан тұрғанда бір-ақ біледі.

"Парасомниясы бар адам сергек болып көрінуі мүмкін, бірақ миы жартылай ғана ояу болғандықтан, не істеп, не қойғанынан хабардар болмауы мүмкін", – деп жазды Yale Medicine.