1919 жылы оқуға алған: Тапсыру мерзімі өтіп кеткен кітап 105 жылдан кейін кітапханаға қайтарылды

Кітапты белгісіз әйел жыл басында кітапханаға тапсырған.

1919 жылы оқуға алған: Тапсыру мерзімі өтіп кеткен кітап 105 жылдан кейін кітапханаға қайтарылды
сурет: nypost.com
845

Уолтер Скотттың «Айвенго» атты туындысы 1919 жылы 13 ақпанда оқырман қолына берілген, содан кейін 105 өткен соң ғана кітапханаға қайтарылған. Бұл туралы АҚШ-тағы Колорадо кітапханасы хабарлаған.

Осылайша 100 жылдан артық уақыттан соң кітап қайта қайтарылып отыр, егер кітапхана бұрынғыдай кітапты кешіктіріп өткізгендерге айыппұл салар болса, мыңдаған доллар қарыз есептелер еді.

"Күніне 2 цент айыппұл есептелетінін ескерсек, айыппұл шамамен 760 доллар болады. Ал, инфляцияны ескерсек, бұл - шамамен 14 000 доллар!" - деп жазды кітапхана ресми мәлімдемесінде.

Кітапты белгісіз әйел жыл басында тапсырған. Оның айтуынша, кітапты әйелдің ағасы анасының заттарын ақтарып жатқан кезде тапқан.

Кітапхана жүйесінде «Айвенгоның» басқа даналары болғандықтан, олар бұл кітапты жергілікті мұражайға қоймақшы.

Серіктес жаңалықтары