Белгілі айтыскер ақын Әсия Беркенова 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы хабарды Құрылтай депутаты, ақын Жанарбек Әшімжан мәлімдеді.
«Қазақстанның Халық ақыны, аяулы Апамыз Әсия Беркенова 77 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өкінішті… Алла әйгілі тұлғаның иманын жолдас, алдын пейіш, артын кеніш қылғай. Әсия Әйіпқызымен атамұра өнеріміздің бүтін бір дәуірі кетіп барады.
Барша әріптестеріне, ағайын-туыстарына, шәкірттеріне, артындағы ел-халқына, әсіресе Әсия апаны өмір-бойы алақанына салып өткен Аңамызға, қайғырып көңіл айтамыз. Бар ғұмырын Қазақтың өнері мен мәдениетіне арнаған асыл жанның бейнесі жанымыз барда жадымызда сақталады», – деп жазды Жанарбек Әшімжан.