Ақтөбе облысының табиғатты қорғау прокуратурасы «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС-ны әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тарту фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Экология департаменті серіктестікке Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігі бойынша жалпы сомасы 55 миллион теңгеге екі рет айыппұл салғаны анықталды.
Прокуратураның наразылығымен заңсыз айыппұлдар жойылды.
Сонымен қатар, облыстың бас мемлекеттік экологиялық инспекторы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокурорлық араласу нәтижесінде инвестордың құқығы қалпына келтірілді.