Түркияның Алания қаласында алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Жүсіп ғылым саласындағы Ғаламдық сыйлығы – Халықаралық «Küresel Bilim Ödülü» сыйлығымен алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жуырда Аланияда Дүниежүзілік журналистер кеңесінің (Küresel Gazeteciler Konseyi - KGK) VI мәжілісі аясында Küresel Başari Ödülleri – Ғаламдық жетістік сыйлығымен марапаттау салтанаты болып өтті.
Осы кеште Косовоның экс-президенті Вьоса ханым Османи, легендарный тренер Фатих Терим, TRT Avaz, Corendon Airlines компанияларының өкілдері мен 32 мемлекеттің журналистері бір сахнаға жиналды. Олардың ортасында Қазақстанның белгілі бір тарихшы ғалымы болды. Ғылым саласындағы Ғаламдық Global Elm Award сыйлығы қазақ ғалымы Сұлтан Хан Жүсіпке тапсырылды.
Бұл көп сыйлықтың бірі емес. Бұл – ХХ ғасыр басындағы Алаш тарихын қалпына келтіру ісіне сарп еткен саналы ғұмырына деген қошемет.
Сұлтан Хан Жүсіп (Аққұлы) – Қазақстанның ХХ ғасыр басындағы Алты Алаштың шынайы тарихына қызығатын азаматтарға көптеген ғылыми еңбегімен жақсы таныс ғалым. Ол Ресей, Беларусь, Чехия және Қазақстанның мұрағат, кітапхана, мұражайларынан, олардың ішінде КСРО мен Қазақ КСР Мемлекет қауіпсіздігі комитеті (КГБ), Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі мен Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұрағаттарын ондаған жыл зерттеп, Алаштың баға жетпес бай мұрасын, оның ішінде көзі тірісінде аты аңызға айналған Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның мұрасын тірнектеп жинап, халқына қайта ұсынды. Бұл қомақты еңбек әлемдік бағасын алды.

Алания қаласында, 32 елден жиналған 350 журналистің алдында қазақ ғалымының есімі президенттер, дипломаттар, қоғам қайраткерлері мен тағы басқалардың есімдерімен қатар аталды. Себебі халқына оның тарихи жадын қайтарып берген ғылым да «жұмсақ күштің» маңызды құралы және мәдени дипломатия іспетті. Ақиқат дипломатиясы.
Осыған дейін Қазақстаннан Ғаламдық жетістік сыйлығымен әр жылдары қоғам және мемлекет қайраткері, скрипкашы, профессор Дүйсен Қасеинов (2022), тұңғыш қазақ ғарышкері, КСРО батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров (2024) және әйгілі домбырашы, күйші, өнертанушы, профессор Жанғали Жүзбай (2025) марапатталды.
Ғалымдық жетістік сыйлығын (Küresel Başari Ödülleri) Бүкіләлемдік журналистер кеңесі Ысмайыл Ғаспыралы атындағы Академияның Қорымен бірлесіп тағайындады.