Ақмола облысында аурухана 14,2 млн теңге салық төлемеген

/
Ақмола облысында аурухана 14,2 млн теңге салық төлемеген
istockphoto.com

Сандықтау ауданы прокуратурасының ықпалымен салық берешегінің мемлекет кірісіне өндіріліп алынуы қамтамасыз етілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудан прокуратурасы салық салу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Қадағалау қызметі барысында Сандықтау аудандық ауруханасы тарапынан салықтық міндеттемелердің орындалмау фактілері анықталып, соның салдарынан бюджетке тиесілі төлемдер уақытылы түспегені белгілі болды.

Қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 14,2 млн теңге  салық берешегі мемлекет кірісіне өндірілді.

Аудан прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына қадағалауды жалғастырып, бюджет кірісіне тиесілі қаражаттың толық әрі уақытылы түсуін қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қабылдайтын болады.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар