Белгілі актер Мұқан Шәкіров дүниеден өтті

/
Белгілі актер Мұқан Шәкіров дүниеден өтті
tokpanov_teatry

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Шымкент қаласының Құрметті азаматы Мұқан Шәкіров 81 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Суыт хабар туралы Асқар Тоқпанов атындағы академиялық қазақ драма театрының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Саналы ғұмырын сахна өнеріне арнаған Мұқан Шәкіров қазақ театрының дамуына өлшеусіз үлес қосып, ұлттық өнердің өркендеуіне қызмет етті. Өнерге деген адалдығы, кәсіби шеберлігі мен сахнадағы дара болмысы арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, әріптестерінің зор құрметіне ие болды.

Ғұмырының қырық жылдан астам уақытын Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрына арнаған ардақты өнер иесінің шығармашылық жолы – кейінгі буынға өнеге, ал қалдырған мұрасы – қазақ театрының асыл қазынасы.

Мұқан Шәкіровтің өмірден өтуі – қазақ өнері мен театр қауымы үшін орны толмас қаза. Өнерге сіңірген еңбегі мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта, топырағы торқа болсын!», – делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары