Ақтөбеде егін ору науқаны қыза түсті

/
Ақтөбеде егін ору науқаны қыза түсті

Ақтөбе облысында егін орағы басталып, дала жұмысы қыза түсті. Диқандар ауа райының әрбір қолайлы сәтін тиімді пайдаланып, жыл бойғы еңбектің өтеуін жинауға кірісті. Биыл өңірде жүздеген мың гектар алқаптан өнім алу жоспарланған. Ендігі міндет – астықты ысырапсыз жинап, белгіленген мерзімде қамбаға жеткізу.

Биыл облыс бойынша 435 мың гектар дәнді дақыл, 84 мың гектар майлы дақыл және 6,1 мың гек­тар картоп пен көкөніс-бақша дақылын жинау көзделген. Қазірдің өзінде 36,6 мың гектар алқаптың өні­мі орылып, 58,6 мың тоннадан ас­там астық қамбаға құйылды. Ор­та­ша өнімділік гектарына 16 цент­нерді құрап отыр.
Ауыл шаруашылығы үшін егін жи­нау науқаны – жыл бойғы ең­бек­тің нәтижесі сыналатын жауапты ке­зең. Сондықтан техника дайын­ды­ғы, жанар-жағармай қоры мен ас­тық қабылдайтын орындардың әзір­лігі науқанның ойдағыдай өтуі­не тікелей әсер етеді.

Техника мен жанар-жағармай жеткілікті

Облыста егін жинау жұмыстары­на шамамен 1,5 мың трактор, 600-ге жуық комбайн, 800-ге тарта трактор тір­кемесі және 500-ге жуық жүк кө­лігі жұмылдырылған. Яғни, егін ора­ғына қажетті негізгі техника то­лықтай іске қосылған.
Шаруаларды жанар-жағар­май­мен қамтамасыз етуге де тиісті көңіл бөлінген. Биыл егін жинау нау­қанына 8 мың тонна дизель оты­ны бөлініп отыр. Жеңілдетілген ба­­­ғамен берілетін жанар-жағармай­дың бір литрі 278 теңгеден белгі­лен­ген. Бұл нарықтағы бағадан ша­ма­мен 15 пайызға арзан.
Мұндай қолдау егін орағы кезін­де аса маңызды. Себебі өнімді қысқа мер­зімде жинап алу үшін техни­ка­ның үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Ал жа­нар-жағармай бағасының қол­же­тімді болуы шаруалардың шығынын азай­туға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдау мұны­мен шектелмейді. Ақтөбе әкім­дігінің мәліметінше, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында өңір фер­мерлеріне 5 пайыздық мөлшерлеме­м­ен 8 млрд теңге жеңілдетілген не­сие берілген. Бұған қоса өсімдік шаруа­шылығын субсидиялауға 2,1 млрд теңге бөлінген.
Бұл қаражат шаруалардың өнді­ріс­тік шығынын азайтып, техника, тұ­қым және басқа да қажетті ре­сурс­тарды тиімді қамтамасыз етуіне мүмкіндік беріп отыр.

Егін кестеге сай жиналуда

Егін орағы облыс аудандарын­да жоспарға сәйкес жүріп жа­тыр. Соның бірі – Қарғалы ауда­ны. Биыл мұнда 109 мың гектар дән­ді дақылды жинау жоспарланған. Қазірдің өзінде оның 13,2 мың гек­тары орылып үлгерді.
Аудан шаруалары ауа райының әр­бір қолайлы күнін барынша тиім­ді пайдалануға тырысып жатыр. Өйт­кені егін жинау науқанының нә­тижесі көп жағдайда уақытты дұ­рыс пайдалануға байланысты.
«Қуаныш» шаруа қожалығының бас­шысы Төрехан Сарин мемлекет та­рапынан көрсетіліп отырған қол­даудың шаруаларға үлкен көмек еке­нін айтады.
– Мемлекет тарапынан шаруа­лар­ға қолдау көп. Биыл жеңілдетіл­ген шартпен техника алып, «Кең да­ла» бағдарламасын пайдаланып, суб­сидия арқылы тұқым сатып ал­дық. Осындай жан-жақты қолдау көр­сетіп отырған азаматтарға алғы­сы­мыз шексіз, – дейді шаруа қожа­лы­ғының басшысы.
Оның айтуынша, ауыл шаруа­шы­лығында техниканы жаңарту мен өндіріс шығынын азайту – өнім көлемін арттырудың маңызды те­тіктерінің бірі. Әсіресе, егін орағы сияқ­ты қысқа мерзімге созылатын нау­қан кезінде техниканың зама­науи әрі ақаусыз болуы шаруаның уақытын үнемдейді.

Қамбалар астық қабылдауға дайын

Егінді жинаумен қатар оны сақтайтын орындардың дайын­­дығы да маңызды. Бұл бағыт­та да облыста қажетті жұмыстар ат­қа­рылған. Өңірдегі астық қабыл­дай­тын кәсіпорындар мен шаруа­шы­лықтардың қоймалары жаңа өнім­ді қабылдауға дайын.
Жиналған астықты уақытында қа­былдап, сақтауға мүмкіндік бере­тін инфрақұрылымның жалпы сыйым­дылығы 685 мың тоннаны құ­райды. Бұл – биылғы өнімді орна­лас­тыруға қажетті негізгі мүмкін­діктің бар екенін көрсетеді.
Ендігі басты міндет – піскен егін­ді уақытында орып, ысырапқа жол бермей қамбаға жеткізу. Өйт­ке­ні даладағы жұмыс бір сәтке де кі­дірісті көтермейді. Әсіресе, ауа райы құбылмалы кезеңде шаруалар үшін әрбір ашық күннің маңызы зор.
Егін орағының негізгі кезеңін тамыз айының үшінші онкүндігінде аяқтау жоспарланып отыр. Оған дейін шаруалар қолайлы ауа райын барынша тиімді пайдалануға ниетті.
Бүгінде Ақтөбе даласында ең­бек қызу жүріп жатыр. Бірі ком­байн тізгіндеп, піскен астықты орып жатса, енді бірі жиналған өнім­ді жүк көлігіне тиеп, қамбаға жө­нелтуде. Жыл бойы күтілген егін­нің берекесін төкпей-шашпай жи­нау үшін барлық мүмкіндік жұмыл­дырыл­ған.
Ақтөбелік диқандар үшін қазір әр күн, тіпті әр сағат маңызды. Ауа райы қолайлы болып, техника ір­кіліссіз жұмыс істесе, шаруалар мол өнім жинап, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың тиімділігін нақты іспен көрсетпек.
Даладағы еңбек жалғасып жа­тыр. Ендігі меже – маңдай термен өсі­рілген астықты ысырапсыз жи­нап, ел қамбасын мол өнімге тол­тыру.

Жанна КӨПЖАНОВА,
Ақтөбе

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары