Атырау қаласында түнгі уақытта болған ауыр жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды. Әлеуметтік желілерде апатқа ұшыраған жеңіл автокөліктің соңынан полиция қызметкерлері қуғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қайғылы оқиға 16 қарашаға қараған түні болған. Желіде тараған мәліметтерге сәйкес, полиция қызметкерлері соңынан қуған жеңіл көлік жол апатына ұшыраған. Аталған ақпаратқа байланысты Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 16 қараша күні сағат 03:30 шамасында тіркелген. Атырау қаласындағы Тайманов және Берғалиев көшелерінің қиылысында Volkswagen Polo жеңіл автокөлігі мен «ГАЗель» көлігі соқтығысқан. Соқтығысудың салдары қайғылы аяқталды. Апаттан Volkswagen Polo көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапқан.