Ақтөбедегі қанды қылмысқа қатысты тың дерек шықты

/
Ақтөбедегі қанды қылмысқа қатысты тың дерек шықты
КТК

Ақтөбе қаласында 49 жастағы ер адам оққа ұшып, көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм қаладағы белгілі жанармай құю станциялары желісінің директоры болған. Қайғылы оқиғаға қатысты жаңа деректер жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, қанды оқиға 16 қараша күні таңертең болған. Ақтөбедегі жеке тұрғын үйлердің бірінде 49 жастағы Айболат Жисов атып өлтірілген.

Телеарна хабарлауынша, марқұм қаладағы белгілі жанармай құю станциялары желісінің директоры болған. Оқиға болған аумаққа таңертеңнен бастап полиция қызметкерлері жиналып, маңайдағы көшелер қоршауға алынған.

Қайғылы оқиға болған үйдің маңында тұратын тұрғындар таңғы уақытта бірнеше мәрте қатты дыбыс естігендерін айтқан. Көршілердің бірі шамамен сағат 07:30-07:40 аралығында үш рет тарсылдаған дыбыс шыққанын жеткізді. Алайда ол бастапқыда мұны атыс деп ойламаған.

"Таңғы сағат 07:30-07:40 шамасында үш рет тарсылдаған дыбыс естідім. Бірақ оның атыс екенін түсінбедім. Өйткені әлі қараңғы болатын. Көршілеріміз тағы да отшашу атып жатыр ма деп ойладым. Кейін жұмысқа келгенімде біраз уақыттан соң әпкем хабарласып, көршімізді атып кеткенін жазды", – деді Ақтөбе тұрғыны.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары