"Ақырзаман баспанасы": байлар Аргентинадан 32 мың гектар жер сатып алды

/
"Ақырзаман баспанасы": байлар Аргентинадан 32 мың гектар жер сатып алды
сурет: Financial Times

Аргентинаның Мендоса провинциясында технология саласындағы ауқатты кәсіпкерлер ақырзаман бола қалса автономды өмір сүруге болатын ірі ранчо салып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz golem.de-ге сілтеме жасап.

Wamani деп аталатын жоба шамамен 32 мың гектар аумақты қамтиды. Оның бастамашыларының бірі – аргентиналық-испаниялық кәсіпкер Мартин Варсавски. Ол ранчоны бірнеше серіктесімен бірге 2023 жылы сатып алған. Қазір аумақта тұрғын үйлер, күн панельдері және жеке ұшақтарға арналған ұшу-қону жолағы орнатылған. Болашақта ранчоны азық-түлік, электр энергиясы және байланыс жағынан сыртқы инфрақұрылымға барынша тәуелсіз ету жоспарланып отыр.

Жобаның ең ерекше бағыттарының бірі – интернет байланысы үзілген жағдайда қолдануға болатын жергілікті цифрлық жүйе құру. Әзірлеушілер үлкен тілдік модельдерді жергілікті серверлерге жүктеп, оларды күн энергиясымен жұмыс істейтін автономды жасанды интеллект жүйесіне айналдыру мүмкіндігін қарастыруда. Қазір Wamani-дегі интернет байланысы Starlink арқылы қамтамасыз етіледі.

Жоба авторлары ранчоны ықтимал соғыс, инфрақұрылымдық дағдарыс немесе басқа жаһандық төтенше жағдайлар кезінде пайдалануға болатын қауіпсіз орын ретінде қарастырады. Сонымен бірге ол демалыс және туристік нысан ретінде де дамытылып жатыр. Ранчо иелерінің айтуынша, жобаға қосылуға қызығушылық танытқан ауқатты кәсіпкерлер бар. Алайда аумақты шектен тыс кеңейту жоспарланбаған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар