АҚШ-та 67 жастағы Тим Эндрюс есімді ер адам генетикалық өзгертілген шошқа бүйрегін 271 күн бойы пайдаланып өмір сүрді – бұл әлемдік рекорд, деп хабарлайды turkystan.kz CNN-ге сілтеме жасап.
Трансплантация 2024 жылғы қаңтарда Нью-Гэмпшир штатында жасалған. Дегенмен, 23 қазанда дәрігерлер бүйректің қызметі әлсіреген соң, оны алып тастап, пациентті қайтадан диализге қосты.
Эндрюс — гені түрлендірілген шошқа бүйрегін салғызған төртінші науқас. Мұндай тәжірибе адамның иммундық жүйесі трансплантатты қабылдамай тастамауы үшін жасалады.
Пациент 1990-жылдардан бері қант диабетімен ауырып келген, соңғы үш жылда бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысына жеткен. Ол аптасына үш рет, әр жолы алты сағаттан диализ қабылдаған.
Шошқа бүйрегін салу туралы шешімді Тим диализден құтылу үшін қабылдаған. Кейін ол бұл тәжірибені «шын мәнінде ғажайып» деп атап, өз жағдайының жақсарғанын айтқан: ол тамақ дайындап, үй жинап, тіпті итін серуендететін деңгейге жеткен.