Ғарыштан жұмбақ сақиналар көрінді

/
Ғарыштан жұмбақ сақиналар көрінді
сурет: istockphoto.com

MeerKAT радиотелескопы ғалымдарға бұрын-соңды көзге көрінбеген әлемді ашты. 64 антеннадан тұратын бұл алып жүйе галактиканың жазық бөлігінде ондаған сақина тәрізді құрылымдарды анықтады. Олардың көбі тек радиодиапазонда ғана көрінеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Радиоастрономдардың айтуынша, бұл сақиналар өліп бара жатқан жұлдыздардың ізі, сверхжаңа жұлдыздардың жарылысы немесе тіпті алыс галактикалардың бейнесі болуы мүмкін. Әр сақина ғалам тарихының бір үзіндісі, жұлдыздардың өмір жолынан қалған белгі секілді.

Зерттеуге сәйкес, табылған құрылымдардың шамамен 40%-ының ортасында инфрақызыл сәулелену көзі бар, ал кейбірі радиосәуледе ғана байқалады. Бұл олардың ішінде белсенді жұлдыздық процестер жүріп жатқанын көрсетеді.

Кей сақиналар планета тұманы, яғни өмірінің соңында сыртқы қабығын тастап кеткен жұлдыз қалдықтары. Басқалары өте жаңа жұлдыздардың жарылыстарынан қалған газ бұлттары болуы мүмкін. Тағы бір бөлігі Вольф–Райе секілді алып жұлдыздардың қатты жұлдыз желінен пайда болған.

Ең қызығы кей сақиналардың табиғаты мүлде белгісіз. Ғалымдар олардың кейбірін гравитациялық линзаланған алыстағы галактикалармен немесе соңғы жылдары ашылған «бөгде радиосақиналар» (Odd Radio Circles) феноменімен байланыстырады.

Қазір MeerKAT ғалымдары табылған объектілердің 60%-ын басқа диапазондағы деректермен сәйкестендіріп үлгерген. Бірақ бұл тек бастамасы ғана. Радиотолқындардың тереңінен ашылған бұл бейнелер біздің Галактика қаншалық күрделі әрі бай екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары