Басты рөлге бекітпек: Голливуд өмірде жоқ актрисамен келісімшартқа отырмақ

/
Басты рөлге бекітпек: Голливуд өмірде жоқ актрисамен келісімшартқа отырмақ
сурет: Courtesy of Xicoia

Голливудта жасанды интеллект төңірегінде дау туындады. Америкалық ірі агенттіктер Тилла Норвуд есімді актрисамен келісімшартқа қол қоюды жоспарлап отыр. Ең қызығы Тилла шынайы адам емес, ол толықтай жасанды интеллект арқылы жасалған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жоба жайлы алғаш рет Zurich Summit алаңында айтылып, кейін Variety басылымында жарияланды. Сарапшылардың айтуынша, бұл жай ғана әлеуметтік желіге арналған «нейродевушка» емес, кино, сериал және жарнама индустриясына бағытталған ауқымды жоба. Жоспар айқын: Тилланы Голливуд деңгейінде жаңа жұлдызға айналдыру.

Алайда тірі әртістердің реакциясы қатты болды. Көптеген актерлер мұндай бастамаға ашық қарсы шығып, виртуалды «әртіспен» келісімшартқа отыратын агенттіктерді бойкотқа шақырып жатыр.

Мамандардың пікірінше, Тилла Норвуд тәжірибесі кино саласында бетбұрыс сәт болуы мүмкін. Өйткені бұл жолы сөз жай ғана эксперимент жайында емес, нақты коммерциялық стратегия туралы болып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары