Америкалық ғалым әрі суретші Сэм Шумейкер тамызда Санта-Каталина аралынан Лос-Анджелестің Сан-Педро ауданына дейін ерекше сапар жасады. Ол теңізге мицелийден, яғни саңырауқұлақтан жасалған қайықпен шығып, 42 шақырымды 12 сағатта еңсерді, деп хабарлайды turkystan.kz Guardian-ға сілтеме жасап.
Ол қайық жасау үшін қайықтың қалпын жасаған. Қайық алты аптада өскен «өсіп», кейін тағы үш ай бойы кептірілген. Тұрақтылық пен қаттылықты арттыру үшін каяк кильмен жабдықталды. Оның салмағы 48 келі болды.
Ғалым сапарға таңғы сағат 6-да шығып, толқыннан қашу үшін ерте жолға шыққан. Ол өзімен бірге телефон, камера, рация мен компас алып, құтқару кеудешесін киген. Дегенмен жолдың тоғызыншы милінде теңіз ауруы ұстап, одан кейін китпен де жолығып үлгерген. Соған қарамастан, ол сапарын тоқтатпай, межелі жерге жетті.
Бұл тәжірибе мицелийден жасалған қайықтардың алғашқысы емес. Бұған дейін, 2019 жылы, америкалық Кэти Айрес пен кәсіпкер Эшли Гордон ұзындығы 2,3 метрлік каноэ өсіріп, оның беріктігін сынаған. Ол әлемдегі ең ұзын мицелий қайығы ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Ал Шумейкердің каягының ұзындығы шамамен төрт метр болды.
Мицелий пластикке балама ретінде қарастырылып отыр: ол жеңіл, қалқымалы әрі толықтай табиғи түрде ыдырайды. Сарапшылардың айтуынша, болашақта мұндай материалдан қайықтар, буйлар мен серфинг тақталары жасалуы мүмкін.