"Бізге ұқсамайтын жаңа ұрпаққа арналған жоба": HBO жаңа "Хәрри Поттер" сериалын түсіре бастады

/
"Бізге ұқсамайтын жаңа ұрпаққа арналған жоба": HBO жаңа "Хәрри Поттер" сериалын түсіре бастады
сурет: Aidan Monaghan/HBO

Көптен күткен HBO-ның «Хәрри Поттер» телесериалы ресми түрде Ұлыбританиядағы Warner Bros. Leavesden студиясында түсірілімін бастады. Бұл жоба Дж. К. Роулингтің сиқырлы әлеміне қайта оралу әрі 2011 жылы экран сапары аяқталған түпнұсқа франшизадан кейінгі алғашқы үлкен өндіріс болып отыр.

Сериалдағы басты рөлдерге таңдалған жас актерлер де белгілі болды. Гарри Поттерді енді Доминик Маклафлин сомдайды, алғашқы кадрларда ол дөңгелек көзілдірігін тағып, Хогвартс формасымен күлімдеп тұр. Оның қасынан жаңадан бекітілген Гермиона Грейнджер (Арабелла Стэнтон) мен Рон Уизли (Аластер Стоут) де орын алған.

Жас актерлер үштігі 2023 жылдың күзінде өткен ашық кастингке қатысқан 30 мың үміткердің ішінен таңдап алынған.

HBO өкілдері сериалдың түпнұсқаға адал болатынын, бірақ жаңа буын көрерменіне бейімделетінін мәлімдеді. Жоба әр кітапқа бір маусым арнайды деп күтілуде, яғни толық цикл, жеті маусымнан тұрады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары