ЖИ данышпаны: Цукерберг 28 жастағы жігітті жұмысқа алу үшін оның жарты компаниясын сатып алды

/
ЖИ данышпаны: Цукерберг 28 жастағы жігітті жұмысқа алу үшін оның жарты компаниясын сатып алды
сурет: Getty Images

Цукерберг 28 жастағы жасанды интеллект данышпаны атанған Александр Вангты жұмысқа тарту үшін 15 миллиард доллар жұмсады, деп хабарлайды turkystan.kz businessinsider.com-ға сілтеме жасап. 

Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг жасанды интеллект саласында алдыңғы қатарлы суперлаб ашу мақсатымен 28 жастағы Scale AI компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Александр Вангты өз командасына қосу үшін оның компаниясының жартысын 15 миллиард долларға сатып алды.

Александр Ванг кім?

Аты-жөні: Александr Wang (1997 жылы туған)

Білімі: Массачусетс технологиялық институтына оқуға түсті, бірақ біраз уақыттан соң университеттен шығып кеткен.

Scale AI-ды қалай құрды?

2016 жылы Y Combinator акселераторында Lucy Guo-мен бірге Scale AI-ды, бастапқыда деректерді классификациялау сервисін құрып, оны тез арада өзекті ЖИ инфрақұрылымына айналдырды. 2021 жылы 24 жасында ең жас "self-made" миллиардер атанып, қазіргі таза капиталы шамамен 3.6 миллиард доллар деп бағаланды.

Сарапшылар оны техникаға ғана берілген емес, бизнеске бағытталған тұлға ретінде сипаттайды.

Meta-да Ванг “Chief AI Officer” дәрежесіне ие болуы мүмкін, супержасанды интеллект зертханасын басқаруға шақырылады.

Meta 49% Scale AI акциясын шамамен $14.3-15 млрд-қа сатып алып, Вангты жаңа зертханаға шақырып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары