Айран да емес, цикорий да емес: Ұзақ өмір сүретіндердің сүйікті сусыны белгілі болды

/
Айран да емес, цикорий да емес: Ұзақ өмір сүретіндердің сүйікті сусыны белгілі болды
istockphoto.com

Какао тек тәтті сусын ғана емес, бүгінде ол өз денсаулығына қырағылықпен қарайтын, ұзақ өмір сүруге ұмтылатын адамдардың мәзіріндегі ерекше асқа айналған.

Оның құрамы бай болғандықтан денсаулыққа да пайдасы зор. Әлем диетологтары ағзаның жай-күйін жақсарту үшін бұл сусынның ерекше қасиетке ие екенін айтады.

Какаоның әр шыныаяғында өмірге қажетті, маңызды элементтер бар. Оның құрамынан калий, магний, фосфор сияқты минералдарды табуға болады. Бұл минералдар жүрек қан-тамыр жұмысы мен жүйке жүйесінде маңызды рөл атқарады. Какаоның құрамында флавоноидтер көп. Ол қабынуға қарсы қасиетке ие.

Бұл заттар ағзаға қабынуға қарсы күресуге көмектеседі. Тамырлардың қабырғаларын нығайтады, ағзаның жалпы сауығуына ықпал етеді. Одан бөлек какао тәбетті бақылауға мүмкіндік береді. Какао ішкеннен кейін төрт-бес сағат тойып жүресіз. Бұл сізді артық тамақ ішуден сақтайды.

Какао — күнделікті мәзірге оңай сіңетін, кофе мен шайды алмастыратын бірегей сусын. Оны суық күндері жылыну үшін ыстықтай ішуге де, жаздың күні салқындау үшін суық күйінде ішуге де болады. Дәмін келтіру үшін даршын, ваниль немесе бал қосуға болады. Какаоны қалай әзірлесе де өзінің пайдалы қасиеттерін сақтайды.

Каконы тұрақты тұтыну ағзаға жан-жақты әсер етеді, белсенді өмір сүруге көмектеседі. Жүрек жұмысын, тамырларды нығайтады, жүйке жүйесін тұрақтандырады. Тіпті эмоциялық жүктемені азайтады. Сондықтан да бұл сусын салауатты өмір салтын ұстануға тырысатын жандар арасында танымал. Какаоны күнделікті рационыңызға қосу арқылы тек дәмінен ләззат алып қоймайсыз, өз денсаулығыңызды да жақсартасыз.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары