Пикассоның "Сағат таққан әйел" картинасы 139,4 миллион долларға сатылды

Картина биыл 102 жасында қайтыс болған Эмили Фишер Ландаудың коллекциясында сақталған.

Пикассоның "Сағат таққан әйел" картинасы 139,4 миллион долларға сатылды
сурет: bbc.com

Пабло Пикассоның ең танымал туындыларының бірі – "Сағат таққан әйел" картинасы Sotheby's аукционында 139,4 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Кескіндеме 1932 жылы салынған, онда суретшінің музасы Мари-Тереза Уолтер бейнеленген. Картина биыл 102 жасында қайтыс болған Эмили Фишер Ландаудың коллекциясында сақталған. Туынды басқа суретшілердің бірнеше шедеврімен қатар оның Манхэттендегі пәтерінің қонақ бөлмесінде ілулі тұрған.

Телефон арқылы бәссаудаға қатысқан сатып алушының кім екені жария болған жоқ.