Шынайы отаншылдық кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді – Тоқаев

/
Шынайы отаншылдық кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді – Тоқаев
Ақорда

Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сондықтан халықтың әл-ауқаты мен ұлттық мүддені қара басының қамынан жоғары қоятын нағыз мемлекетшіл тұлғалар қажет.

Шынайы отаншылдық адамдарға қамқорлықтан көрінеді, кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз деген салмақты сауалмен өлшенеді.

Бақ-дәулет келеді де кетеді, ал соңыңда жасаған ісің мен жақсы атың қалады. Соның бірі – ертең адамдар, келер ұрпақ игілігін көретін әлеуметтік инфрақұрылымдар.

Қоғамда заң үстемдігі салтанат құруы үшін сенімді тірек керек, яғни, адамдардың өзегі мықты, моральдық принциптері мықты болғаны жөн.

Дәл осы себепті жаңа қоғамдық этика қалыптастыру және «Таза Қазақстан» тұжырымын дәріптеу өте маңызды. Өйткені тек айналамыздан ғана емес, азаматтарымыздың ниет-пиғылынан, сөзінен және іс-әрекетінен тазалық сезіліп тұруға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар