Алдымызда әлі көптеген іс пен биік белестер күтіп тұр – Мемлекет басшысы

/
Алдымызда әлі көптеген іс пен биік белестер күтіп тұр – Мемлекет басшысы
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында сөз сөйлеп, «Халықтық құрылыс» бағдарламасы, жемқорлықпен жаппай күрес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформа, қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру – мұның бәрі үлкен жолдың басы ғана екенін, алдымызда әлі көптеген іс пен биік белестер күтіп тұрғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы, жемқорлықпен жаппай күрес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформа, қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру – мұның бәрі үлкен жолдың басы ғана. Алдымызда әлі көптеген іс пен биік белестер күтіп тұр. Осыған дейін айтқанымдай, ел дамуына қатысты орта және ұзақмерзімді перспективаға арналған ойларым мен жоспарым бар. Мемлекетіміздің Егемендігін, Тәуелсіздігін қорғауға қатысты кейбір мәселе түбегейлі шешімін таппады. Мен ол жөнінде халыққа арнаған Жолдауымда айтқанмын. Тоқмейілсіп, бейқам жүрудің жөні жоқ. Мұны жақсы түсінуіміз керек. Менің ойымша, Мемлекет басшысының міндеті – жүйелі әрекет ету, діттеген мақсаттан айнымау, ел тағдырындағы маңызды шешімдер үшін жауапкершілік арқалау. Еліміздегі өзгерістердің қарқын алғаны қуантады. Ол енді тоқтамайды», – деді Президент.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар