Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз табыс пен игілікке институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырмыз

/
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз табыс пен игілікке институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырмыз
Ақорда

Мемлекет шетелдік инвестицияны көтермелеу, бизнестің белсенділігін ынталандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту саясатын жалғастырады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алдымызда ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын үнемі айтып жүрмін.

Мемлекет пен халықтың игілігі үшін жұмыс істеу зор мәртебе, әр азаматқа бұйыра бермейтін бақ. Сондықтан мұндай іске салғырт қарау шын мәнінде ұлт мүддесіне зиян келтіретін кереғар әрекет.

Бір қарағанда, тәртіпті бұзбауға, «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтауға және өз жұмысыңа жауапкершілікпен қарауға не кедергі болуы мүмкін? Бұл – барша мемлекеттік қызметші мен отаншыл азаматтың бойынан табылуға тиіс қасиет. Сонда ғана жұртшылықтың ықыласына бөленіп, азаматтардың шынайы алғысын аласыздар.

Мемлекет шетелдік инвестицияны көтермелеу, бизнестің белсенділігін ынталандыру және инвестициялық ахуалды жақсарту саясатын жалғастырады. Бұл арада қандай да бір күтпеген өзгерістер болуы мүмкін емес.

Біздің стратегиялық бағдарымыз – қолайлы инвестициялық орта қалыптастыру, елімізде кедергісіз бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін институттық негізді нығайту.

Бұл жөнінде халыққа арнаған Жолдауымда айттым. Бизнеске заңсыз кедергі жасау – мемлекетке қарсы қылмыс.

Біз табыс пен игілікке жеке адамдар емес, институттар кепілдік беретін мемлекет құрып жатырмыз.

Еліміздегі оң өзгерістердің түпкі мәні де – осы: адамдардың тұрмыс сапасы біреудің біреуге бүйрегі бұрғанына, қандай да бір шенеуніктің көңіл-күйіне тәуелді болмай, керісінше, еңбекқорлық, талант, отаншылдық секілді объективті критерийлерге сүйенуі керек», – деді Президент. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар