Құс фабрикасы жұмысын бастады

/
Құс фабрикасы жұмысын бастады

Қызылорда облысында жергілікті өнім түрлерін көбейтуге ерекше мән беріліп отыр. Оның бір айғағы – «Абдулла» шаруа қожалығының құс фабрикасы. Жуырда іске қосылған кәсіпорын енді нарықтық бәсекеде өз мүмкіндігін еркін сынай алады. 

Кәсіпорын құрылысына 5,5 млрд тең­ге бөлінген. Жылына 6 мың тон­наға жуық құс етін өндіреді. Бұл об­лыс аумағынан бөлек көрші өңір­лерге де өнім жеткізуге мүмкіндік бар деген сөз. Фабрикада 120 адам жұ­мыспен қамтылады. 
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа инвести­ция­лар ең алдымен, еліміздегі за­ма­науи өнеркәсіптің негізін қалып­тас­тыруға бағытталуы керек» деген бо­латын. Жаңақорған ауданында тұр­ғын­дарымыздың әл-ауқатын арт­тыру­ға бағытталған бастамалар сәт­ті жүзеге асуда. Осындай маңызды жобаны қолға алғаны үшін жеке ин­весторға зор ризашылығымды біл­діремін, – деді облыс әкімі Мұрат Ергешбаев құс фабрикасының ашылу салтанатында. 
Мамандардың есебінше, облыс экономикасын әртараптандыру мақ­сатында алдағы үш жылда 1трлн 900 млрд теңгеге 48 инвестициялық жо­ба іске қосылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Соның ішін­де, биыл 100 млрд теңгенің 21 жо­басын іске қосу жоспарланған.
 

Қуат ӘБІШ

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары