Ақтөбеде 20-дан астам көлік бір мезетте өртеніп кете жаздады

/
Ақтөбеде 20-дан астам көлік бір мезетте өртеніп кете жаздады
t.me/qr_tjm

Ақтөбеде жол жиегінде құрғақ шөп пен автокөлік бөлшектері өртенді. Төтенше жағдайлар қызметі жалынды дер кезінде сөндіріп, жақын маңда тұрған 27 көлікті өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Ақтөбе қаласының Астана ауданында, Богослов тасжолы бойында болған.

ТЖМ мәліметінше, өрт толық сөндірілген. Жалынның көліктер тұрған аумаққа таралуына жол берілмеген.

"Өрт толықтай жойылды. Жалынның 27 автокөлік тұрған іргелес аумаққа таралуына жол берілген жоқ. Нәтижесінде барлық 27 автокөлікті сақтап қалу мүмкін болды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары