Екібастұзда қауіпті әрекет жасаған екі жас жүргізуші жауапқа тартылды

/
Екібастұзда қауіпті әрекет жасаған екі жас жүргізуші жауапқа тартылды
unsplash.com

Екібастұзда әлеуметтік желіге видео түсіру үшін жолда қауіпті әрекет жасаған екі жүргізуші анықталды. Олардың жасы 19 және 22-де, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазнетте тараған видео полицияның назарына іліккен. Құқық қорғау органдары түсірілімге қатысқан екі жергілікті тұрғынды анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Полиция мәліметінше, 19 жастағы жүргізуші ВАЗ-2114 көлігімен қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан. Сонымен қатар техникалық жағдайына байланысты пайдалануға тыйым салынған көлікті басқарған және қауіпсіздік белдігін тақпаған.

Ал 22 жастағы Mercedes жүргізушісі қатар келе жатып, болған жағдайды рөлде отырып ұялы телефонға түсірген. Осылайша ол көлік басқару кезінде телефон пайдалану талабын бұзған.

"Жасалған құқық бұзушылықтар бойынша екі жүргізушіге қатысты бес әкімшілік материал толтырылды. Көлік құралдары арнайы тұраққа қойылды", – деп түсіндірді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция жолда жарыс ұйымдастыру мен қауіпті видео түсіру жүргізушілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретінін ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар